Қытайлық жазушы "Байрактарды" мақтады

Қытайлық жазушы: "Байрактардың қарулы адамсыз әуе көлігі "SİHA" соғысындағы орны Steve Jobs'-тың ақылды телефон технологиясындағы орнымен бірдей" деді.

1641713
Қытайлық жазушы "Байрактарды" мақтады

Қытайлық танымал ғылыми жазушы Сонг Ичанг "Байрактар" техникалық директоры Селчук Байрактарды "Қарулы адамсыз әуе көлігі "SİHA" саласындағы данышпан" деп бағалады.

Сонг Ичанг Қытай Орталық телерадир корпорациясында (CCTV) "Соғыс техникалары" атты бағдарламада "Байрактарды" Apple компаниясының құрушысы  Steve Jobs'-қа ұқсатты. 

Жазушы Сонг:

"Қарулы адамсыз әуе көлігі "SİHA" тақырыбында Түркияда осы саласында бір данышпан дүниеге келді. Түркияда адамсыз әуе көліктерінің бабасы Байрактардың

қарулы адамсыз әуе көлігі "SİHA" соғысындағы орны Steve Jobs'-тың ақылды телефон технологиясындағы орнымен бірдей" деді.

Қытайлық жазушы бағдарламада Байрактардың өмірбаяны жайлы да мәлімет беріп, Америкада білім алып жүрген кезде "SİHA"-ның бағдарламалық жасақтама және электроника тақырыптарында маманданғанын, артынан еліне қайтқанын ескертті.



Ұқсас жаңалықтар