Дәстүрлі ойын мен ойыншықтарға сұраныс артты
Түріктің дәстүрлі ойындары мен ойыншықтарына коронавирус пандемиясы кезінде сұраныс артты.



Түріктің дәстүрлі интеллектуалды ойындары мен ойыншықтарына коронавирус пандемиясы кезінде шетелден сұраныс артты.
«Ұлттық ойыншық жобасы» аясында төрт жыл бұрын пилот-қала ретінде таңдалған Дүзжеде түріктің дәстүрлі интеллектуалды ойындарымен бірге мектеп шағына дейінгі білім беруде қолданылатын материалдар табиғи жолдармен өндіріле бастады. Енді осы материалдар шетелдегі балаларға жеткізілуде.
Өнеркәсіп және технология министрлігінің басшылығымен Дүзже Университетінің ынтымақтастығымен басталған жоба аясында түріктің анимациялық фильмдерінің кейіпкерлері, тоғыз тас, мангала (тоғыз құмалақ) секілді интеллектуалды ойындары өндіріледі. Ойындар мен ойыншықтар табиғи бояулармен боялады.
Дүзжедегі зауытта өндірілген осы материалдарға шетелден көп сұраныс келіп түсуде.
Ұқсас жаңалықтар

Әнші Тейлор Свифт «Жыл адамы» атанды
«Time» журналының дәстүрлі «Жыл адамы» сауалнамасында биыл америкалық әнші Тейлор Свифт таңдалды.

Тарихи жәдігерлер қайтарылды
Туындылардың тапсырылуына орай Түркияның Нью-Йорк Бас консулдығында рәсім ұйымдастырылды.