Али Эрбаш Ислам әлемін "Рағайып түнімен" құттықтады

Дін істері басқармасы төрағасы Али Эрбаш «Рағайып түні» себепті бір бейне көрініс жариялады.

1586231
Али Эрбаш Ислам әлемін "Рағайып түнімен" құттықтады

Ислам әлемі үшін үлкен маңызы бар қасиетті үш айлардың бастауы Ережеп айының алғашқы бейсенбі күнін жұмамен байланыстырған Рағайып түні «рақым мен берекенің түні» ретінде қабылданады.

Дін істері басқармасына қарасты Діни қызметтер бас дирекциясы Рағайып түніне орай әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Бұл аяда Айя-София мешітінде өтетін «Рағайып түні арнайы бағдарламасы» Түркия теле-радио компаниясының TRT 1 телеарнасынан тікелей эфирде жарияланады.

Қасиетті түнге орай жеке Твиттер аккаунтынан құттықтау жариялаған Дін істері басқармасы төрағасы Али Эрбаш «Рағайып түні» бейне көрініспен құттықтады.

Эрбаш хабарламасында «Әзіз ұлтымыз бен барлық Ислам әлемін жүрегімізді сергітетін берекелі үш айлардың сүйіншісі «Рағайып түнімен» құттықтаймын. Мұсылмандардың бірлік пен тіршілік, адамзаттың бейбіт және қауіпсіз өмір сүруін Ұлы Раббымнан тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар