Анталияға көп турист келді

Түркияның туризм жаннаты Анталияға ең көп орыс туристтері келуде.

1551971
Анталияға көп турист келді

Анталияға 2020 жылы 1 қаңтардан 22 желтоқсанға дейін 3 миллион 410 мың 43 шетелдік турист келді.

Анталия сұлу табиғаты және мөп-мөлдір теңізімен әйгілі. Түркияның туризм жаннаты Анталияға ең көп орыс туристтері келуде. Биыл Ресейден мөлшермен 1,5 миллион турист келді. 

Анталия губернаторы Ерсин Языджы медициналық мүмкіндіктері және қауіпсіздік жағынан туризм саласында  әлем елдеріне де үлгі болғанын айтты. 

Мәдениет және туризм министрлігі де осы жылдың желтоқсан айына дейін Түркияға 14 миллион 486 мың 632 шетелдік туристтің саяхат жасағанын білдірді. 

Түркияға қаңтар-қараша маусымында ең көп турист жіберген ел  2 миллион 38 мың 380 адаммен Ресей Федерациясы болды. Одан кейін 1 миллион 140 мың 739 адаммен Болгария екінші және 1 миллион 71 мың 782 адаммен Германия үшінші орынды алды. 

 



Ұқсас жаңалықтар