"Юнус Эмре" сериалын қарауға кеңес берді

Пәкістан премьер-министрі кеңес берді.

1538287
"Юнус Эмре" сериалын қарауға кеңес берді

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан сопылыққа қызушыларға «Юнус Эмре» телесериалын қарауға кеңес берді.

Имран Хан мемлекеттік PTV телеарнасында урду тілінде жариялана бастаған «Юнус Эмре» телесериалы туралы Твиттерде жазба бөлісті. Ол «PTV-де жарияланған «Юнус Эмре» телесериалын сопылыққа қызығатындарға кеңес беремін» деді.

PTV  арнасы да телесериалдың дүйсенбі және сейсенбі күндері жергілікті уақытмен сағат 19.00-де жарияланатынын хабарлады.

Премьер-министр «Жаужүрек Ертұғрыл» телехикаясынан кейін «Юнус Эмре» сериалының да PTV-де жариялануын сұраған. Бұл туралы Пәкістан Сенатының Информация және хабар тарату комитетінің төрағасы Файсал Жавид Хан мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Пәкістанда былтыр рамазан айында жарияланған «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалын миллиондаған адам тамашалаған болатын. Ал оның YouTube-тегі қаралымы 10 миллионнан асты.



Ұқсас жаңалықтар