Черногориядан жүлде алдық

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасына Черногорияның "Розадже қаласы жүлдесі" берілді.

1517034
Черногориядан жүлде алдық

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы Балкан елі Черногорияда жасаған жұмыстарына орай  "Розадже қаласы жүлдесіне" лайық деп табылды. 

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасынан жасалған мәлімдемеде ұйымның жыл сайын атқарған көптеген жобамен Балкан елдері мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды дамытқаны білдіріліп, әлеуметтік, мәдени және  ғылыми жұмыстармен осы елдердегі жастардың білім алуына үлкен есе қосқаны атап өтілді. 

Шетелдегі түріктер және ғайын қауымдастықтар басқармасының Черногориядағы табысты жұмыстарына орай Розадже қала әкімшілігі тарапынан жүлдеге лайықты деп табылғаны білдірілген мәлімдемеде жүлденің ұйым төрағасы Абдуллах Ереннің осы елге сапарында берілетіні жеткізілді. 

Жүлдеге ризалығын тілге тиек еткен төраға Ерен:

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасына бауырлас географиядағы Черногориядан қымбатты жүлде келді. Барлық қызметкерлер атынан алғыс айтамын" деді. 

Розадже қала әкімі Рахман Хусович Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының Черногориядағы жастардың Түркияда білім алып, табысты азаматтар болғанын айтып, Розаджеден 67 студенттің Түркияда білім алғанына назар аударды.  



Ұқсас жаңалықтар