65 жастағылар белсенді спортпен шұғылданады

Ұлыбританиядағы бір зерттеуде Ковид-19 кезінде 65 жастағылардың белсенді әрекет жасағаны анықталған.

1516317
65 жастағылар белсенді спортпен шұғылданады

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті кезінде 65 жастан жоғарғы кісілер спортқа беталған.

Ұлыбританияда жасалған бір зерттеуде Ковид-19 індеті кезінде ең белсенді топтың 65 жастан жоғарғылар болғанын көрсеткен. 

Daily Mail хабарында Колледж Лондон университеті (UCL) мамандары 14-93 жастар арасындағы кісілерге зерттеу жүргізгенде Ковид-19 эпидемиясының физикалық спорт дағдысына әсер жасағанын анықтаған.

Зерттеу аясында 5 мың 395 кісі қаңтардан маусым айына дейін ақылды телефондағы әдіспен бақыланған.

Індет себепті наурызда көшеге шығу шектелгенде адамдардың үштен екісі жүруді, жүгіруді және велоципед мінуді азайтқаны анықталған зерттеуде осы кезеңде 65 жастан асқандар белсенді болған, шектеме босағанда спорттық әрекеттерді көбейткен.

Әрекетсіз қалған топ жастар болғаны, мұның себебі спорттық комплекстердің жабылуы екені білдірілді.      



Ұқсас жаңалықтар