Союз МС-16 серігі Жезқазғанға қонды

Орыс козмонавттар мен НАСА астронавтын тасымалдаған Союз МС-16 серігі Қазақстанның Жезқазған қаласы маңына қонды.

1514273
Союз МС-16 серігі Жезқазғанға қонды

Халықаралық Ғарыш стансасында 6 ай міндет атқарған Союз МС-16 жасанды серігі Жер шарына оралды.

Союз МС-16 серігінің қону барысы Ресей Федералдық Ғарыш агенттігінің (ROSCOSMOS) интернет парақшасында тікелей эфирде таратылды. 

Орыс козмонавт Анатолий Иванишин мен Иван Вагнер және НАСА астронавты Кристофер Кэссидиді тасымалдаған жасанды серік кеше азанда Қазақстанның Жезқазған қаласы маңына қонды.

Ғарыштан келгендерді серіктен шығарған және денсаулықтарын тексерген іздеу-құтқару тобының маске кигені және әлеуметтік аралықты сақтағаны байқалды.

Ресей Федералдық Ғарыш агенттігінен (ROSCOSMOS) жасалған мәлімдемеде серіктің қонуына көмектескен іздеу-құтқару тобы мүшелерінің саны азайғаны, бұл адамдарға вирус және инфекция сынамасы жасалғаны білдірілді.

Мәлімдемеде қолданылған барлық құрлық және авиация материалдарының да дезинфекцияланғаны хабарланды. 



Ұқсас жаңалықтар