Аясофияны мешітке өзгерту шешімі қабылданды

Мемлекет кеңесінің 10-шы департаменті Аясофияның мешіттен мұражайға өзгертілуіне байланысты 1934 жылы 24 қарашадағы Министрлер кабинеті шешімінің күшін жойды.

1452878
Аясофияны мешітке өзгерту шешімі қабылданды
SÜPER FOTO ayasofya.jpg

Мемлекет кеңесінің 10-шы департаменті Аясофияның мешіттен мұражайға өзгертілуіне байланысты 1934 жылы 24 қарашадағы Министрлер кабинеті шешімінің күшін жойды. 

Жалғасты Қорлардың Тарихи мұралар және қоршаған ортаға қызмет өтеу қоғамы Аясофияның мешіттен мұражайға өзгертілуіне байланысты Министрлер кабинеті шешімінің күшін жою талабымен Мемлекет кеңсесіне өтініш берді. 

Талапты сот отырысында зерттеген кеңсе 2 шілдедегі отырыста тараптардың талабын тыңдады. 

Сот отырысынан кейін зерттеу жүргізген Мемлекеттік кеңестің 10-шы департаменті шешім қабылдады.

Департамент Аясофияның мешіттен мұражайға өзгертілуіне байланысты 1934 жылы 24 қараша Министрлер кабинеті тарапынан жасалған шешімінің күшін жойды.

Мемлекеттік кеңестің құжатында Аясофияның Фатих  Сұлтан Мехмет Хан Қорының мүлкі екені, мешіт ретінде халықтың қызметіне ұсынылғаны білдірілді.

Аясофияның  меншікті құжатында мешіт ерекшелігімен тіркелгені,  мұның өзгертілмейтіні білдірілген құжатта:

"Қордың құжатында мешіт ерекшелігінен тыс қолданудың және басқа бір мақсатқа өзгертудің заң тұрғысынан мүмкін емес екені анықталды" деп көрсетілді.

Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун тарихи Аясофия шешімінен кейін президент Режеп Тайып Ердоғанның бүгін Түркия сағаты бойынша 20.53-те ұлтқа үн қататынын хабарлады.  



Ұқсас жаңалықтар