Украиналық туристтер Түркияда дем алуда

Түркияға келген украиналық туристтер жасалған алдын алу шаралардың арқасында сенімді демалыс өткізуде.

1450636
Украиналық туристтер Түркияда дем алуда

Түркияға келген украиналық туристтер жасалған алдын алу шаралардың арқасында сенімді демалыс өткізуде. 

Украинаның астанасы Киевтен 183 жолаушы тасымалдаған "Азур Эйр" әуе жолына тиесілі жолаушы ұшағы үш күн бұрын Даламан әуежайына қонды. Украиналық туристтердің көбі Фетхиедегі қонақ үйлерде жатты. 

Өте жақсы қызмет және кемелді алдын алу шараларды көрген туристтер қатты риза болды. Туристтердің бірі Мария Петрукина "Түркияға келгеніміз өте жақсы болды" деді. Ол Анадолы хабар агентігіне жасаған мәлімдемесінде әуежайынан қонақ үйге дейін керемет қарсы алынғандарын, Түркияның демалыс үшін өте тамаша ел екенін айтты. 

Украиналық турист Катерина Третяк та Түркияны мақтады. 38 жасындағы Третяк "Жатқан қонақ үйіміз кемемет алдын алу шаралар жасаған екен. Дем алысымызды көңілді және сенімді жалғастырудамыз. Түркия әрі ересектердің, әрі балалардың  демалысы үшін  керемет елдің бірі" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар