Фильм фестивалі онлайн өтеді

Фестивальдің қазылар алқасы төрағасы Нури Билге Джейлан болады.

1430389
Фильм фестивалі онлайн өтеді

Президенттік аппараттың құзыретінде, Ішкі істер министрлігі Миграция басқармасы тарапынан Мәдениет және туризм миистрлігінің қолдауымен Көш фильмдерінің халықаралық фестивалі болады. 14-21 маусым күндері онлайн түрде өтетін фестивальдің қазылар алқасы төрағасы Нури Билге Джейлан болады. 

Фестивальде елуден аса фильм көрсетіледі. Отандық және шетелдік кинематограф, баспасөз өкілі,  үкіметтік емес ұйымдар және ғалымдар бас қосады. 

Фестивальдің фильм қойылымдарының күнтізбесі алдын ала жарияланады. Қазылар алқасы үздік фильм және сценарийлерді анықтайды. 

Көш фильмдерінің халықаралық фестивалінде әлемнің түкпір-түкпірінен атақты тұлғалар көрермендермен тәжірибелерін бөліседі. Режиссерлер, актерлер және сектор өкілдерінің шеберлік сағаттары мен отырыстар өткізіледі. 

Отандық және шетелдік фильмдер Халықаралық ұзын метражды фильм, Халықаралық қысқа метражды фильм категорияларында бақ сынайды. 

Байқау нәтижесінде Үздік ұзын метражды фильмге 15 мың евро, Үздік қысқа метражды фильм мен Шабыт беретін сценарийге болса 5 мың евролық ақшалай сыйлық беріледі. 



Ұқсас жаңалықтар