Қытай екі жаңа технология жасанды серігін ұшырды

Жасанды серіктер Қытайдың оңтүстік батыс өңіріндегі Шичанг Жасанды серік ұшыру орталығынан "Ұзақ сапар 11" зымыранымен орбитаға ұшырылды.

1426801
Қытай екі жаңа технология  жасанды серігін ұшырды

Қытай орбитаға екі жаңа технология сынақ жасанды серігін жолдады.

Қытай хабар агенттігінің хабарына қарағанда жасанды серіктер жергілікті уақыт бойынша 31 мамыр күні Қытайдың оңтүстік батыс өңіріндегі Шичанг Жасанды серік ұшыру орталығынан "Ұзақ сапар 11" зымыранымен орбитаға ұшырылды.

Жасанды серіктердің Дүниежүзілік бақылау технологиясы сынағы үшін қолданылатыны білдірілді.

Қытайдың 5 мамырда Хайнан аралы жағажайындағы Уынчанг Ғарыш ұшыру орталығынан "Ұзақ сапар-5Б" зымыранымен орбитаға жолдаған адамсыз сынақ ғарыш көлігі 8 мамырда Ішкі Моңғол автономиялық аймағындағы Донгфынг өңіріне табыспен қонған болатын. 

Ғарыш көлігінде ғарышкерлердің тасымалдануы үшін жетілдірілген дәрінің зақымдалмағаны білдірілді. 

Сынақ міндеті барысында кеменің атмосфераға кіруі мен бақылауы, ысыну жағдайы, көп парашюттердің қолданылуына байланысты бақылау жұмыстары жасалды.    



Ұқсас жаңалықтар