Көгілдір байрақ жүлдесіне ие пляж саны артты

Түркия әлемнің ең көп  көгілдір байраққа ие үшінші елі болды.

1422456
Көгілдір байрақ жүлдесіне ие пляж саны артты

Түркия әлемнің ең көп  көгілдір байраққа ие үшінші елі болды. 

Мәдениет және туризм министрлігінің хабарламасына қарағанда, Түркия әлемдегі ең беделді туризм және қоршаған орта жүлделерінің бірі “Көгілдір байрақта” биыл да маңызды орнын қорғады. 

Орталығы Даниядағы Копенгаген қаласында болып табылатын Халықаралық қоршаған орта білім фондының 2020 жылғы бағалауына орай Испания мен Грекиядан кейін әлемнің ең көп көгілдір байрағы бар үшін елі Түркия болды. 

Былтыр 463 болған жүлделі пляж саны биыл 486-ға жетті. 

Түркияда 22 яхта порты мен 7 яхта биыл Көгілдір байрақ жүлдесін алуға лайықты деп табылды. 

Көгілдір байрақты пляж саны Анталияда 206, Муглада 105, Айдында 35, Измирде 52-ге, Балыкесирде 31, Стамбулда 2, Cамсунда да 13-ке жетті.  Чанаккале, Кыркларели,  Кожаели, Дүздже,  Орду,  Мерсин және Ванда болса былтырғы көрсеткіштер сақталып қалды.



Ұқсас жаңалықтар