Испания велосипед жарысы кейінге қалдырылды

Испания велосипед жарысы Сovid-19 эпидемиясы салдарынан 20 қазан-8 қараша күндері арасында өткізілмек.

1414303
Испания велосипед жарысы кейінге қалдырылды

Жол велосипед категориясында ең үлкен турнирлердің бірі болған Испания жарысының Португалиядағы бөлімі Сovid-19 эпидемиясы салдарынан кейінге қалдырылды.

Организацияның ресми интернет парақшасындағы мәлімдемесінде Португалияның Порту, Матозиньюш және Визеу қалаларының муниципалитеттерімен келіссөздер нәтижесінде елдегі жарысты кейінге қалдыру туралы келіскені білдірілді.

Алдында Голландияның Утрехт қаласында өткізілуі жоспарланған турнирдің салтанатты бастау рәсімі кейінге қалдырылған еді.

Испания велосипед жарысы 20 қазан-8 қараша күндері арасында өткізілмек.



Ұқсас жаңалықтар