Анталия пляждары - үздік пляждар арасында

Патара және Чыралы ағылшын The Guardian газетінде Еуропаның үздік 30 пляжы арасында көрсетілді.

1411115
Анталия пляждары - үздік пляждар арасында

Туризмнің бас қаласы Анталиядағы Патара және Чыралы ағылшын The Guardian газетінде Еуропаның үздік 30 пляжы арасында көрсетілді.

Кемер муниципалитетінің төрағасы Неджати Топалоғлу коронавирус эпидемиясынан кейін демалу үшін жоспар жасағандар үшін үздік пляждар тізімін дайындаған The Guardian газетінде Түркиядан бес пляж орын алғанын білдірді. Осылардың екеуі – Анталияда.

Анталияның Патара және Чыралы пляждарының тізімге енгенін білдірген Топалоғлу: «Аймағымыз жергілікті және шетелдік келушілерді қызықтыруын жалғастыруда. Бұл жерлер – каретта каретта тасбақаларының ұя салатын мекендері. Қонақтар таң атарда жұмыртқаларынан шыққан тасбақалардың теңізге жетуін де тамашалай алады.  Біз туризм маусымына дайынбыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар