1600 жылдық табыт табылды

Табыттың ұзындығы 1 метр 75 сантиметр, ені 33 сантиметр.

1405009
1600 жылдық табыт табылды

Археологтар Мысырдың оңтүстігіндегі Луксор қаласында перғауындар дәуірінен қалған 1600 жылдық табыт тапты. 

Мысыр мемлекеттік “Ахрам” газетінің хабарына қарағанда, Луксор қаласының Зира Әбу Неже аймағында жүргізілген қазбаларда 17-ші перғауын әулеті дәуіріне тиесілі шамамен 1600 жылдық тақтайдан жасалған табыт жарыққа шығарылды. 

Табыттың ұзындығы 1 метр 75 сантиметр, ені 33 сантиметр. 

Табыттың ішінде бальзамдалған 15-16 жасар бір әйел жатқаны,  құлағының бірінде дөңгелек бақырдан сырға бар екені айтылды. 

Мысыр Туындылары Жоғары басқармасының төрағасы Мұхаммед Абдулбеди мумияның мойнында асыл тастардан жасалған төрт моншақ бар екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар