"Кашикчи Алмазы" Топкапы Сарайында көрмеге қойылды

"Тарихи алмаздардың ең үлкені және ең заңдысы" деп танылған 86 караттық "Кашикчи Алмазы" көрмеге қойылды.

1282141
"Кашикчи Алмазы" Топкапы Сарайында көрмеге қойылды

"Тарихи алмаздардың ең үлкені және ең заңдысы" деп танылған 86 караттық "Кашикчи Алмазы" (Бриллиант) Стамбұл Топкапы Сарайынның қарулар коллекциясы көрсетілетін Сыртқы Қазына бөлімінде қайтадан көрмеге қойыла бастады.

Президент Ұлттық Сарайлар басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Топкапы Сарайы әкімшілікке өткізілгеннен кейін қоймаларда сақталған баға жетпес қазыналар халыққа көрсетіле бастады.

Бұл қазыналардың алғашқысы "Топкапы Қанжары" ұзақ уақыттан кейін 18 қыркүйекте Стамбұл Топкапы Сарайынның қарулар коллекциясы көрсетілетін Сыртқы Қазына бөлімінде тарихшылар мен өнерсүйер қауымға қайтадан көрсетілді, екіншісі "Сұлтан 2-ші Махмуд Тағы" 2 қазанда Бағдат Сарайында көрмеге қойылды.

"Тарихи алмаздардың ең үлкені және ең заңдысы" деп танылған 86 караттық "Кашикчи Аламазы" Стамбұл Топкапы Сарайынның қарулар коллекциясы көрсетілетін Сыртқы Қазына бөлімінде қайтадан өз орнын иеледі.

Барлық адамның назарын аударған, төңірегі 49 дана ірі бриллиантпен безелген Кашикчи Алмазын көру үшін халық ұзақ қатар қалыптастыруда.



Ұқсас жаңалықтар