Түрік волейболшылар жартылай финалде

Түркияның жартылай финалдегі қарсыласы Польша командасы болды.

1263876
Түрік волейболшылар жартылай финалде
2019_09_tr_hol1.jpg
2019_09_tr_hol2.jpg
2019_09_tr_hol3.jpg
thumbs_b_c_cd19bc3b52674cf13e399c2b8db45fcd.jpg

Еуропа Волейбол конфедерациясы тарапынан 31-ші рет ұйымдастырылған жарыста ширек финал матчтары аяқталды.

Түрік волейболшы қыздар жеңістерін жалғастырды.

Түрік құрамасы соңғы екі жылдың финалисті Голландия командасымен ойнады. Анкара Спорт залын толтырған жанкүйерлердің қолдауымен түрік волейболшылар Голландия құрамасын 3-0 есебімен жеңді. Осылайша түрік құрамасы жартылай финалге көтерілді.

Голландияны жеңген түрік құрамасымен бірге соңғы чемпион Сербия, Италия және Польша командалары жартылай финалге жолдама алды.

Түркияның жартылай финалдегі қарсыласы Польша командасы болды. Сербия Италиямен ойнайды.

Чемпионатты 1967 және 2003 жылдардан кейін үшінші рет өткізген Түркия жартылай финал,  үшінші орын және финал матчтарына мекен болады.

Жартылай финал матчтары 7 қыркүйек күні ойналады. Түрік құрамасы сенбі күні Түркия уақытымен сағат 19,30-да Польшамен ойнайды. Матчты TRT Spor телеарнасы тікелей жариялайды.



Ұқсас жаңалықтар