Күрес чемпионаты аяқталды

Түрік палуандар греко-рим стилінде соңғы күні үш медаль алды.

1254689
Күрес чемпионаты аяқталды

Эстонияда өткен Бүкіләлемдік жастар күрес чемпионаты аяқталды.

Түрік палуандар греко-рим стилінде соңғы күні үш медаль алды.

Эстонияның бас қаласы Таллинде болған чемпионатта 60 келіде Керем Камал алтын медаль олжалады.

Бұл  -оның жастар арасында үшінші әлемдік чемпиондығы.

82 келіде Доган Кая үшінші орын алып,  қола медаль иеленді.

97 келіде Бейтуллах Кайышдаг да үшінші орын алды.

Греко-рим стильде бір алтын және 4 қола медаль алған Түркия 117 ұпаймен осы категорияда команда бойынша үшінші орын алды.

Түрік құрамасы чемпионатты бір алтын және 7 қоламен аяқтады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Бүкіләлемдік жастар күрес чемпионатында алтын медаль алған Керем Камалды құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар