Ауыл мұражайы назар аударады

Ауыл мұражайы 31 жылдан бері өңір халқы қолданған  бұйымдарға, тарихи қару және оқтарға орын беруде.

1246938
Ауыл мұражайы назар аударады

Трабзон қаласындағы бір шайханада ауыл мұражайы баршаның назарын аударуда. Ауыл мұражайы 31 жылдан бері өңір халқы қолданған  бұйымдарға, тарихи қару және оқтарға орын беруде.

Трабзонның Дүзкөй ауданы Айкут ауылындағы Хасан және Шереф Топал атты ағайындылар 1970 жылы шайхана ашады.  Олар осы шайханада тарихи жәдігерлерді,  қалайыдан жасалған ыдыс-аяқ секілді бұйымдарды жинай бастайды. Ауыл тұрғындарының назарын аударған коллекцияға жылдар бойы зеңбірек оқтары, пышақтар,  қылыш,  қару және сағат секілді экспонаттар да келіп қосылады.

Топал ағалы-інілінің осы коллекциясы Трабзон қалалық Мұражай дирекциясының да ықыласын аударады. Мұражай басшылары шайханаға келіп,  тарихи жәдігерлерді сараптап,  тіркеуге алды. Шайхананы Ауыл мұражайы деп атады.

«Ауылда құлаған ескі үйлерден шыққан ыдыс-аяқтар болатын.  Біз оларды жинадық.  Артынан ауыл тұрғындары өздері әкеліп бере бастады. Кейіннен олардың барлығын шайханаға көрмеге қойдық. Жылдар өткен сайын коллекциямызға жаңа бұйымдар қосылды» деді Хасан Топал.

Трабзонда ауыл мұражайы түрінде осындай бір жер әлі жоқ. «Бұл жердің ұмытылмауын қалаймыз. Себебі көп еңбек сіңді. Жергілікті және шетелдік туристердің де жергілікті тарихымызды көріп, тануына үлес қосқымыз келеді» деді Айдын Топал.



Ұқсас жаңалықтар