Орыс іскердің яхтасы Кушадасынан 80 мың литр жанармай құйып алды

Кушадасына келген «Lady Lara» атты 4 қабатты яхтаға 4 танкер барлығы 80 мың литрлік жанармай құйды.

1239584
Орыс іскердің яхтасы Кушадасынан 80 мың литр жанармай құйып алды

Айдынның Кушадасы ауданына орыс іскер Александр Мачкевичке тиесілі 91метрлік мега яхта «Lady Lara»-ға 80 мың литрлік жанармай құйылды.

Кушадасы Сетур Марина яхта портына 18 шілде күні аялдаған орыс іскер Мачкевичке тиесілі 4 қабатты «Lady Lara» атты яхтаға жанармай құю үшін танкерлер келді.

Портқа келген 4 танкер яхтаға 80 мың литр жанармай құйды.

Порттан ертең айырылатын 91 метр ұзындығындағы яхтаның иесі Мачкевич пен жанұясының Жерорта жағалауында демалатыны болжалады.

Спорт залы, бассейні және тікұшақ қону алаңы бар яхта әлемдегі ең үлкен 100 яхтаның қатарында көрсетілуде.


Этикеттер: #орыс іскер , #яхта

Ұқсас жаңалықтар