«Network» деректі фильмі Анкарада көрсетілді

«TRT World» дайындаған «Network» деректі фильмі арқылы ФЕТО-нің шын бейнесі баяндалады.

1236620
«Network» деректі фильмі Анкарада көрсетілді

«TRT World» телеарнасы дайындаған Фетуллахшы террор ұйымының (ФЕТО) шын бейнесі баяндалған «Network» деректі фильмі Анкарада көрсетілді.

“TRT World” дайындаған «15 шілде еске алу бағдарламасына» Сауда министрі Рухсар Пекжан, TRT Атқару комитеті басшысы және Бас директоры Ибрахим Ерен және Сыртқы экономикалық қатынастар кеңесі «DEİK» төрағасы Наил Олпак та қатысты.

Министр Пекджан осында сөйлеген сөзінде ФЕТО-нің шын бейнесін баяндаудың маңызды екенін атап, «Шәйіттеріміздің мұраларына ие шығу біздің міндетіміз» деді.

TRT Атқару комитеті басшысы және Бас директоры Ибрахим Ерен болса «Фетуллахшы террор ұйымы бүкіл әлемнің қанын ішуге тырысқан бір құрылым» деді. TRT-нің ұйымның шын бейнесін айқындайтын деректі фильмдердің бұдан кейін де түсірілетінін атап көрсеткен Эрен «Міндетіміз төңкеріс әрекетін ұмыттырмау» деді.



Ұқсас жаңалықтар