Тоттенхэм финалист атанды

Чемпиондар лигасының ақтық сайысы Англияның екі командасы арасында өтеді.

1197788
Тоттенхэм финалист атанды

Чемпиондар лигасында тағы бір тарихи оқиға болды.

Ливерпуль командасынан кейін Аякс командасын жеңген Тоттенхэм финалист атанды.

Голландияның бас қаласы Амстердамдағы жартылай финал реванш матчында Голландияның Аякс командасы Англияның Тоттенхэм командасымен жарысты.

Сайыста жылдам қозғалған Аякс бесінші минутта және 35-ші минуттағы голдерімен бірінші таймды 2-0 есебімен аяқтады.

Екінші таймда ширақ қозғалған команда Тоттенхэм Хотспур болды.

Қонақ команда Лукас Моураның 55,59 және 90+6-шы минуттарындағы голдерімен 3-2 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы матчта 1-0 жеңіліп қалған Тоттенхэм Голландиядағы жеңісімен қарсыласын басып озып, Чемпиондар лигасында басқа бір Англия командасы Ливерпульмен ойнайтын болды.

Англияның осы командасы Чемпиондар лигасының ақтық сайысына бірінші рет шығып отыр. Чемпиондар лигасында ақтық сайыс 1 маусым күні Испанияның Мадрид қаласында ойналады.



Ұқсас жаңалықтар