Ораза айы басталды

Түркия көлемінде ораза айының алғашқы тарауық намазы оқылды.

1195632
Ораза айы басталды

Он бір айдың сұлтаны,  тыныштық пен берекеттің айы – Ораза айы басталды.

Түркия көлемінде ораза айының алғашқы тарауық намазы оқылды.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар да алғашқы тарауық намазы үшін мешіттерге жиналды. Австралия, Индонезия, Малайзия мен Ауғанстан тарауық намазын бірінші оқыған елдер болды.

Америка Құрама Штаттарының Мэриленд штатындағы Америка Дін істері орталығындағы алғашқы тарауық намазында да аймақта өмір сүретін жүздеген мұсылман бас қосты.

Араб елдерінің көбі ораза айының алғашқы күнінің дүйсенбі күні екенін хабарлады.

Оман, Марокко мен Комор аралдары болса ораза айының сейсенбі күні басталатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар