ТӘЖ Анкара-Баку арасында жаңа тікелей ұшу бағыты ашты

Желінің алғашқы рейсінің ұшуына орай Гайдар Әлиев әуежайында қонақасы берілді.

1188313
ТӘЖ Анкара-Баку арасында жаңа тікелей ұшу бағыты ашты

Желінің алғашқы рейсінің ұшуына орай Гайдар Әлиев әуежайында қонақасы берілді. Іс-шараға Әзірбайжан Сыртқы істер министрі орынбасары Надир Хүсейнов, Түркия Республикасының Бакудегі өкілетті және төтенше елшісі Эркан Өзорал, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы өкілі Уфук Турғанер ТӘЖ Бас директорының орынбасары Абдүлкерим Чай және Әзірбайжан авиация лауазымдыларына қоса түрік мекемелері мен туризм агенттіктерінің өкілдері қатысты.

Өкілетті елші Өзорал ТӘЖ-ның Анкарадан Бакуге тікелей рейстерді бастағанына риза екендерін атап, «Осы әсіресе Әзірбайжанда өмір сүрген түріктердің ұзақ уақыттан бері арманы болатын. Бүгін ТӘЖ бұл арманды орындайды. Анкара мен Баку арасындағы байланыс одан да нығая түседі» деді.

ТӘЖ Бас директорының орынбасары Чай болса «Осы рейстер арқылы екі ел арасындағы достық пен бауырластық одан әрі жетіледі. ТӘЖ ретінде елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін бар күшімізбен жұмыстанамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар