Малайзияда екінші мәрте әлемдегі ең биік тропикалдық ағаш табылды

Малайзияда 100.1 метрлік әлемдегі ең биік тропикалдық ағаш табылды.

1178049
Малайзияда екінші мәрте әлемдегі ең биік тропикалдық ағаш табылды

Малайзияның Сабах уәлаятында екінші мәрте әлемдегі ең биік тропикалдық ағаш табылды.

Малайзия ақпаратында шыққан хабарға қарағанда, араларында Оксфорд және Ноттингхам университеттері мен Оңтүстік Шығыс Азия Жаңбыр Ормандары зерттеу тобынан өкілдер қатысқан бір топ елдің Борнео аралында орын алған, осының алдында әлемдегі ең биік тропикалдық ағаш табылған Сабах уәлаятында бұрынғы ағаштан да биік бір ағашты тапты.

Уәлаятқа қарасты Данум қойнауында анықталған биіктігі 100.8 метр екені білдірілген меранти ағашы, осының алдында тағы осы уәлаятта анықталған 94.1 метр биіктіктегі ұқсас түрдегі ағаштың рекортын бұзып, әлемдегі ең биік тропикалдық ағаш ретінде тіркеуге алынды.

Дәу ағаштың биіктігін өлшеу үшін жерлік бір кісі ағаштың басына шыққаны және  ұзын метрдің көмегімен өлшегені білдірілді. 

Дәу ағаштың салмағы 81.5 тонна екені, ішінде мөлшермен мың түрлі құрт-құмырысқа, өсімдік және саңырау құлақ түрлері болғаны атап көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар