Түркия Йеменге азық-түлік жәрдемі жіберді

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы босқындар мен Құран хафиздеріне азық-түлік пакеті таратты.

1169483
Түркия Йеменге азық-түлік жәрдемі жіберді

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Йеменнің Мариб қаласындағы босқындар мен Құран хафиздеріне 598 азық-түлік пакеті таратты.

Қызыл жарты ай қоғамы Истиджабе жәрдем қоғамымен ынтымақтастық жасап, Мариб қаласындағы босқындар мен Құран хафиздеріне жәрдем жасады.

Түркия көптеген қоғам арқылы Йеменде соғыс себепті елді-мекендерінен кетуге мәжбүрленген босқындар мен кедей жанұяларға жәрдем жасауда.

Ұзақ уақыттан бері саяси тұрақсыздық бар Йеменде хоуситтер мен үкіметке қарасты күштер арасында қақтығыстар жалғасуда.

Елде ашаршылық, тырысқақ ауруы, қақтығыс пен шабуылдар себепті өлімдер артуда.



Ұқсас жаңалықтар