Кула қаласы Жапонияда таныстырылады

Кула ауданында 18-ғасырдағы Османлы сәулет өнерінің бүгінге дейін өзгермей жеткен тарихи өрнекті үйлері Жапония деректі фильміне желі болды.

1159178
Кула қаласы Жапонияда таныстырылады

Манисаның Кула ауданында тарихи өрнегімен көптеген жергілікті және шетелдік туристтердің саяхат орталығына айналған тарихи үйлері Жапонияның ТБС телеарнасы түсірген деректі фильм арқылы Жапонияда таныстырылады.

Манисаның Кула ауданында 18-ғасырдағы Османлы сәулет өнерінің бүгінге дейін өзгермей жеткен  тарихи өрнекті үйлері Жапония деректі фильміне желі болды.

Жапонияның ТБС телеарнасы 10 жылдан бері жұма күндері жарияланып келген "Әлем терезесінен" атты бағдарламасында бүгінге дейін өзгермей жеткен тарихи өрнегімен көптеген жергілікті және шетелдік туристтердің саяхат орталығына айналған тарихи үйлерді таныстырады.  

Түрліше елдердің тарихи қалалары таныстырылатын бағдарлама үшін ауданға келген телеарна қызметкерлері үш күн бойынша Куланың тарихи үйлерінің, тар көшелерінің және базарларының көрінісін түсірді. 

Бағдарламаның режиссері Томацу Хисае тың мекендерді зерттеп жатқандарын айта келіп:

"Әлемнің терезелерінен көрінетін деректі фильм үлгісінде бағдарламалар дайындаймыз. Сол себепті Түркияда ешкім біле бермейтін, алайда көруге татитын бір мекенді, яғни Куланы таңдадық" деп көрсетті. 

Деректі фильм тобының жетекшісі Таноие Рияко бірнеше айдың ішінде жарияланатын деректі фильмнің Кулада туризмді жандандыратынына сенетінін білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар