Эйнштейннің өз қолымен жазылған 110 құжат көрмеге қойылды

Атақты ғалым баласына жазған хатында соғысқа алаңдайтынын білдіреді.

1159118
Эйнштейннің өз қолымен жазылған 110 құжат көрмеге қойылды

Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Эйнштейннің өз қолымен жазылған 110 құжат Израильдегі Иерусалим Ибрани Университетінде көрмеге қойылды.

Америка Құрама Штаттарында өмір сүретін Гроун Гудман отбасы неміс физик Эйнштейннің бұдан бұрын жарияланбаған құжаттарын университетке сыйлады.

Атақты ғалымның 140 жылдығына арнап бірінші рет жарыққа шығарылған құжаттар арасында Эйнштейннің кейбір ғылыми жазбаларымен қоса 1935 жылы баласы Ганс Альбертке жіберген хаты да бар.

Екінші дүниежүзілік соғыстан шамамен 4 жыл бұрын баласына жазған хатында ғалым Еуропада болуы мүмкін соғысқа алаңдайтынын білдіреді. «Германияда да істер өзгере бастады.  Бірінші Еуропа соғысы басталмайды деп үміттенемін.  Немістердің қарулануы өте қауіпті болуы мүмкін, бірақ ағылшындар бастаған Еуропаның басқа елдері де мәселеге алаңдайды» деп жазған хатында.

Еврей текті атақты ғалым Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурыз күні Германияда дүниеге келді. 20-ғасырдың ең маңызды физигі ретінде аталған Эйнштейн 1921 жылы Нобель Физика сыйлығына лайықты деп табылған еді.



Ұқсас жаңалықтар