Бағдат кітап жәрмеңкесі ашылды

Халықаралық Бағдат жәрмеңкесі 18 ақпан күніне дейін ашық болады.

1140858
Бағдат кітап жәрмеңкесі ашылды

Ирактың бас қаласы Бағдатта жүздеген отандық және шетелдік баспаханалар қатысатын 46-шы Халықаралық Бағдат кітап жәрмеңкесі ашылды.

Ирак президенті Берхем Салих жәрмеңкенің беташарына қатысып, Кербелада роман жазушы Ала Мешдубтың қастандықпен өлтірілуін айыптады.

Премьер-министр Адил Абдулмехдинің елге кітап импортында қабылданған кеден салығын төмендету шешіміне де тоқталған Салих: «Аталмыш кеден салығын толығымен алып тастауға тырысудамыз» деді.

Ирак Мәдениет,  Туризм және туындылар министрлігі Бағдаттағы жәрмеңкеге жүздеген отандық және шетелдік баспаханалар келгенін білдірді.

Халықаралық Бағдат жәрмеңкесі 18 ақпан күніне дейін ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар