Кападокияда жарты миллион турист шармен аспанға ұшты

Кападокияның шар турлары туристтерге теңдесіз қуаныш сыйлайды

1119802
Кападокияда жарты миллион турист шармен аспанға ұшты

Кападокияның шарлары жарты миллион туристті аспанға ұшырды.

Кападокияда өткен жылы 537 мың 500 турист ыстық ауарайы шар турына қатысып, аймақтың тарихи, мәдени және табиғи көркемдіктерін аспанда құс болып ұшып жүріп тамашалады.

Кападокия шар турларының экономикаға қосқан үлесі мөлшермен 70 миллион еуроға жетті.

Жыл сайын қызығуды арттырып отырған және соңғы жылдарда Кападокия туризмінің жол бастаушысына айналған шар турлары аймақтың табиғи көркемдіктерін тамашалауға келген жерлік және шетелдік туристерге теңдесіз керемет көңіл күй сыйлайды. 

Ауарайы ашық күндері азаннан бастап арт-артынан көкке көтерілген шарлар аймақтың теңдесі жоқ көркем көріністеріне өзгеше бір үйлесімділік қосады.

 



Ұқсас жаңалықтар