Турнирлерге де Гөбеклитепе есімі беріледі

Теннис турнирлері Шанлыурфа қаласында өткізіледі.

1118404
Турнирлерге де Гөбеклитепе есімі беріледі

Түркия Теннис федерациясы 2019 жыл Гөбеклитепе жылы деп жарияланғандықтан биыл Шанлыурфада халықаралық және ұлттық деңгейде көптеген жарыс ұйымдастырады.

Турнирлерге де Гөбеклитепе есімі беріледі.

Бұл туралы федерация басшысы Дженгиз Дурмуш мәлім етті. «Гөбеклитепенің таныстырылуына өз үлесімізді қосуға ниеттіміз.  Ұлттық турнирлер басталысымен қалада жарыстар ұйымдастырамыз.  Түркия чемпионаттарын Шанлыурфа қаласында өткіземіз. Қазір күнтізбе жоспарланып жатыр» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар