Ұлттық сарайларға келуші көбейді

Тізімнің басында Стамбулдағы Долмабахче сарайы келеді.

1116694
Ұлттық сарайларға келуші көбейді

2018 жылы Түркияның Ұлттық сарайлар басқармасына қарасты тарихи сарайлары отандық және шетелдік қонақтардың қызығушылығын арттырды.

Ұлттық сарайлардың хабарламасына қарағанда,  2017 жылы 1 миллион 100 мың болған отандық және шетелдік келуші саны 2018 жылы 1 миллион 430 мыңға жетті.

Тізімнің басында Стамбулдағы Долмабахче сарайы келеді.  Долмабахчеге 998 мың адам келген.

Бейлербейи сарайына 126 мың, Ыхламур сарайына 73 мың, Ұлттық сарай Сурет мұражайына 55 мың адам келген.

Долмабахче сарайына 645 мың шетелдік турист келді.

Ұлттық сарайларға осы қызметтерден 46 миллион 260 мың түрік лирасы табыс түсті.



Ұқсас жаңалықтар