120 жылдық кілем жуылды

Стамбулдағы Жұлдыз Шале сарайындағы 120 жылдық кілем жуылды.

1114687
120 жылдық кілем жуылды

Стамбулдағы Жұлдыз Шале сарайындағы 120 жылдық кілем жуылды.

468 шаршыметрлік 120 жылдық кілем реставрация қарсаңында бірінші рет жуылды.

Бұл кілем падиша Сұлтан ІІ Абдулхамит кезінде неміс императоры ІІ Вильгельмнің сапары үшін 1897 жылы Херекедегі Кілем және жібек тоқу фабрикасында тоқылды.

Әлемдегі ең үлкен кілемдердің бірі болып табылатын Хереке кілемі сарайдағы Салтанатты рәсім залына төселді. Сарайға әрең кіргізілген кілем енді 120 жылдан кейін бірінші рет залдан шығарылды.

Кілемді жуу үшін сарайда арнайы бассейн жасалды. Салмағы шамамен 3 тонна кілем 2,5-3 жылдық реставрациядан кейін залға қайта төселеді.

Кілемді жуу үшін Стамбул Техникалық Университеті текстиль инженерлігі лабораторияларында арнайы жуу материалы дайындалып,  кілемнің жуылуы бір күнде аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар