"Пири Рейс" Тайландта

"Пири Рейс" балеті "2018 Мәдениет жылы" аясында Тайланд көрермендеріне ұсынылады

1109256
"Пири Рейс" Тайландта

"Пири Рейс" балеті Тайландта өнерсүйер қауымның назарына ұсынылады.

Самсун Мемлекеттік Опера және Балет ұйымы тарапынан жарияланған жазбаша мәлімдемеде, әлемдік премьері 2014 жылы Мерсин Мемлекеттік Опера және Балет сахнасында ашылған, Самсун Мемлекеттік Опера және Балет ұйымы тарапынан үстіміздегі маусымда сахнаға шығарылған балет 20 желтоқсанда Бангоктағы Тайланд Ұлттық Театрының сахнасында ойналады. 

Түркия Мәдениет және Туризм министрлігі мен Тайланд Патшалығы Мәдениет министрлігінің  2018 жылы қыркүйек айында  "Өзара Мәдениет жылы ниет мәлімдемесіне" қол қойылуымен басталған "2018 Түркия - Тайланд өзара Мәдениет жылы" іс шараларының жабылу рәсімі "Пири Рейс" балетімен аяқталады.

Османлы дәуірінде өсіп жетілген маңызды тұлғалардың бірі болған теңіздердің пірі Мухиддин Пири мырзаның өмірі көркем көріністермен суреттелген "Пири Рейс" балетінің музыкасын Жан Атилла жазған, кореографиясы мен либреттосын Армаған Давран мен Волкан Ерсой дайындаған.

 



Ұқсас жаңалықтар