Юсуф Исламға "2018 Әлем Халал Саммиті Бейбітшілік Жүлдесі" берілді

"Әлем Халал саммиті 2018 және Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Халал Экспо жәрмеңкесі" басталды

1097417
Юсуф Исламға "2018 Әлем Халал Саммиті Бейбітшілік Жүлдесі" берілді

 

Ағылшын әнші және ән сөзін жазатын ақын Юсуф Имламға "Әлем Халал саммиті 2018 және Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Халал Экспо жәрмеңкесінде "2018 Әлем Халал Саммиті Бейбітшілік Жүлдесі" берілді.

"Әлем Халал саммиті 2018 және Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Халал Экспо жәрмеңкесі" Йеникапыдағы Еуразия Жәрмеңке және Өнер орталығында басталды.

Адамзат ортақ өреде құрмет көретін тіпті әділетті әлем орнату мақсатымен көрсеткен еңбегімен танымал Ағылшын әнші және ән сөзін жазатын ақын  Юсуф Ислам жәрмеңкенің беташарында жасаған баяндамасында Ислам дінін қабылдаған кезден қазірге дейін жалғастырып келе жатқан керемет өмір сапарында алған тәжірибе сабақтарын, барлық сенімдерден, ойлардан және ұлттардан көптеген адамға әсер жасаған әңгімесін көрермендермен бөлісті.

Жәрмеңкеге келген қонақтар өнерпаз Юсуф Исламға ерекше құрмет көрсетті.

Бұрынғы аты Кэт Стивенс болған Юсуф Ислам 1977 жылы Ислам дінін қабылдап, мұсылман болған және екі жыл өткеннен кейін атын Юсуф Ислам деп өзгерткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар