Мәскеуде Түрік мәдениеті күні өткізілді

Ресейде «Түрік мәдениеті күні» шарасы ұйымдастырылды.

1093495
Мәскеуде Түрік мәдениеті күні өткізілді

Ресейдің бас қаласы Мәскеуде «Түрік мәдениеті күні» шарасы ұйымдастырылды.

Мәскеудегі Юнус Эмре институты мен Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық білімдер Университетінің ұйымдастыруымен өткен шараға Түркияның Ресейдегі өкілетті елшісі Хүсейін Дириөз, Университет президенті Проф. Эфим Пивовар,  ректордың орынбасары Проф. Вера Заботкина, Мәскеудегі Юнус Эмре Институты директоры Проф. Өмер Өзкан және студенттер қатысты.

Шара шеңберінде университеттің Түркология кафедрасының студенттері Түркияны таныстыратын баяндамаларын оқыды, түрік поэзиясы және әндерінен үзінділер оқыды.

Мәскеудегі Юнус Эмре Институты директоры Проф. Өмер Өзкан «Түркия және түрік мәдениетіне байланысты ұйымдастырылған әрбір шарамызға үлкен қызығушылық бар. Алдымыздағы жылы Ресейде «Түркия жылы» болады, Түркияда да «Ресей жылы» атап өтіледі.  Осы аяда 2019 жыл үшін көптеген шара жоспарлап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар