Мұражайға келген азаматтар саны артты

Қазір Түркияда 438 мұражай қызмет беріп тұр.

1057828
Мұражайға келген азаматтар саны артты

Түркия көлемінде мұражай және байырғы туристік мекендерді аралағандар саны 2013-2017 жылдарын қамтитын бес жылдық мерзімде 170 миллион адамға жетті.

Түркияда мұражай саны 2017 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 25 пайыз артты.  Қазір Түркияда 438 мұражай қызмет беріп тұр.

Осы кезеңде Мәдениет және туризм министрлігі құрамындағы мұражай саны 187-ден 199-ға, жеке мұражай саны 163-тен 239-ға жетті.

Мұражайлардағы жәдігер саны бес жылда 5 пайыз артты. 3,7 миллион жәдігердің 3,3 миллионы министрлікке қарасты мұражайларда орын алған.

Мұражайларға ең көп азаматтар Стамбул қаласында барды. Стамбулдағы мұражайларды аралаған азамат саны өткен жылы 8,8 миллионға жетті.  Стамбулдан кейін 2,8 миллионмен Кония, 2,2 миллионмен Невшехир қалалары келеді.



Ұқсас жаңалықтар