24-ші Сараево фильм фестивалі аяқталды

Фестивальдің аяғында жеңімпаздар марапатталды.

1034461
24-ші Сараево фильм фестивалі аяқталды

24-ші Сараево фильм фестивалі аяқталды.

 Балқан аймағының ең беделді фильм фестивалінде бес аталымда ондаған шығарма бақ сынады.

Әлемнің түрлі елдерінен ондаған киноматографқа бас қостырған фестивальде 56 елдің 266 фильмі көрсетілді.

Осы фестивальге Түркия Радио Теледидар корпорациясы да ортақ.

Фестивальдің қазылар алқасын Оскар лауреаты, Ирандық сценарист және режиссер Асхар Фарзади басқарды.

Үздік фильм сыйлығын Болгария, Германия және Франция бірігіп түсірген «Ага» фильмі алды.

Үздік режиссер аталымында  «Сараевоның жүрегі» сыйлығын «Лимонад» фильмімен Иона Турикеру алды.

Үздік актер ретінде хорват актер Леон Лучев атанды.  Үздік актриса болса София Земоси болды.

Фестиваль аясында Үздік деректі фильм аталымында «Адам құқықтары» сыйлығына Түркия, Грекия және Босния және Герцоговина бірігіп түсірген «Араф» фильмінің режиссері Дидем Пекун лайықты деп табылды.

«Түсіріліп жатқан фильмдер» аталымында TRT Арнайы сыйлығын «Завера» фильмі иеленді.



Ұқсас жаңалықтар