Түркияның туризм кірісі артты

Түркияның туризм кірісі осы жылдың екінші ширегінде 7 миллиард 44 миллион 591 мың доллар болды.

1023269
Түркияның туризм кірісі артты

Түркияның туризм кірісі осы жылдың екінші ширегінде өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 30,1 пайыз артып, 7 миллиард 44 миллион 591 мың доллар болды. 

Түркия статистика мекемесі осы жылдың екінші жартысына байланысты туризм көрсеткіштерін жариялады.

Осы көрсеткіш бойынша туризм кірістерінің 84,7 пайызы шетелдік туристтерден түссе, 15,3 пайызы шетелде өмір сүрген азаматтардан түсуде.

Осы ширекте жұмсалған ақшалардың 5 миллиард  463 миллион  809 мың доллары жеке адамдардың жұмсаған ақшаларынан құралса, 1 миллиард  580 миллион 782 мың доллары топтық пакеттен құралуда.


Этикеттер: #туризм , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар