Барак Обама продюссер болады

Олар жаһандық интернет теледидары желісі Netflix-пен келісімге келді.

976380
Барак Обама продюссер болады

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Барак Обама мен жұбайы Мишель Обама продюссер болады.

Олар жаһандық интернет теледидары желісі Netflix-пен келісімге келді.

Бұл туралы Netflix хабарлады. Хабарламаға қарағанда,  АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен жұбайы фильм және телесериал үшін компаниямен келісімге отырды. Келісім аясында сценарийлі және сценарийсіз телесериалдар,  деректі фильмдер, ұзын метражды фильмдер түсіруге болатыны айтылды.

Аталмыш жобалар 190 елдегі Netflix-тің 125 миллион қолданушысына жетеді.

Обама болса бұл хабарға орай: «Мемлекеттік қызметіміз барысында өмірдегі түрлі адамдармен таныстық,  олардың қызықты тәжірибелерін ауқымды аудиторияға жеткіздік. Мишель және мен қабілетті,  шабыт беретін тұлғалардың хикаясын бүкіл әлеммен бөліскіміз келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар