Интернеттен түрік тілін үйренуге үлкен қызығушылық

Шетелдіктер екі айдан бері түрік тілін интернет арқылы үйренуде.

926344
Интернеттен түрік тілін үйренуге үлкен қызығушылық

Анадолы Университеті Сырттай оқу жүйесі аясында білім бере бастаған «Ана тілі: Түрікше» бағдарламасына тіркелген шетелдегі 7 мың азамат екі айдан бері түрік тілін үйренуде. Олардың көбі Африка, араб және Солтүстік Америка елдерінен.

Бағдарлама аясында э-сабақ, видео сабақ, дыбысты сабақ және мәтіндер мен ойындар секілді қосымшалар дайындалған. Осы сабақтарға шетелдіктер,  босқындар,  шетелдерде тұратын түрік тектілер үлкен қызығушылық көрсетті.

АУ ректоры Проф. Наджи Гүндоған turkce.anadolu.edu.tr адресінен қызмет беретін бағдарлама жайлы мәлімдеме беріп, осы бағдарлама арқылы А1 және А2 деңгейінде алыстан білім беру жүйесі арқылы түрік тілін үйретіп жатқандарын айтты.

Жақында осы бағдарлама В1 және В2 деңгейіне шығарылады.



Ұқсас жаңалықтар