Түрік палуандар 8 алтын, 13 күміс және 19 қола медаль жинады

Халықаралық 33-ші Республика кубогы Күрес турнирі аяқталды.

832307
Түрік палуандар 8 алтын, 13 күміс және 19 қола медаль жинады

Түркия Халықаралық 33-ші Республика кубогы Күрес турнирін 8 алтын, 13 күміс және 19 қола медальмен бірінші орында аяқтады.

Санджактепе Таха Акгүл атындағы спорт кешеніңде өткізілген турнирдің соңғы күнінде 60 кг. мен 84 кг. салмақта жарыстар өтті. Түрік палуандар грек-рим стилінде 1 алтын, екі екіден күміс және қола медаль, еркін күресте болса екі екіден алтын және күміс пен 3 қола медаль иеледі.

Грек-рим күресінде 60 кг. салмақта Керем Кемал алтын, Мүслим Алынлы күміс, Мұхаммет Өзер қола медаль алды.

Еркін күресте болса 60 кг салмақтағы Ахмет Таш алтын, Исмаил Джулфа күміс, Хүсейин Запалы және Муса Шахин қола медалға қол жеткізді. 84 кг. салмақтағы Эфе Сами Үнал алтын, Мерт Чыкмаз күміс, Доғукан Калайджы да қола медальды ұтып алды.

Түркия үш күнге жалғасқан жарыстардың артынан барлығы 8 алтын, 13 күміс және 19 қола медаль жинап, бірінші орынға көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар