Қытайлар Памуккалеге келді

ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізімінде орын алған Памуккаледе қытай туристер саны артты.

818619
Қытайлар Памуккалеге келді

ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізімінде орын алған Памуккаледе қытай туристер саны артты.

Қытайда 1-8 қазан күндері арасында тойланатын Қытай Ұлттық күні мен Күз мерекесіне орай қытай туристер Памуккалеге келді.

Памуккале травертиндерінде жүрген туристер жарыса суретке түсті.

Ежелгі театр және мазарлар орналасқан жерлерді де аралаған туристер көңілді уақыт өткізді.

Денизли туристік қонақүйлер және кәсіпорындар қоғамының басшысы Гази Мурат Шен Памуккаленің Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі екенін айтып,  шетелдіктердің қызығушылығының жаз-қыс тоқтамайтынын атап көрсетті.

Қытайдан келген электр инженері Эликс Жинид Памуккалеге отбасымен бірге келгенін айтты.  Басқа бір турист Хан Сужинг те аймақтың керемет сұлу екенін атап көрсетті.

«Қытайға оралғанда,  жолдастарыма осы жерді кеңес беремін» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар