5 мың жылдық ойыншық табылды

Әзірет Муса өмір сүрген жер деп айтылатын Соғматар ежелгі қаласындағы қазба жалғасуда.

818375
5 мың жылдық ойыншық табылды

Дүние жүзінің ең ежелгі елді мекендерінің бірі Шанлыурфада Әзірет Муса өмір сүрген жер деп айтылатын Соғматар ежелгі қаласындағы қазба жалғасуда.  Осы қазба жұмыстары барысында шамамен 5 мың жылдық ойыншық ат арбасы мен дөңгелегі табылды.

Қалаға 80 км қашықтықтағы Еюбие ауданына қарасты Яғмурлу ауылындағы ежелгі қала сол кезде перғауыннан қашқан Әзірет Муса тұрған жер ретінде қабылданады.

Мәдени болмыстар және мұражайлар бас дирекциясының рұқсатымен мамыр айында Харран Университеті Археология кафедрасының басшылығында аймақта қазба басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар