Анкарада Венгрия балет театры өнер көрсетті
Іс-шара Венгрияның Түркиядағы өкілетті елшісі Виктор Матистің ұйымдастыруымен өтті.
2191026
Венгрияның «Györ» балет театры Анкара мемлекеттік опера және балет театрында өнер көрсетті.
Венгрияның Түркиядағы өкілетті елшісі Виктор Матистің ұйымдастыруымен 2024 Венгрия-Түркия мәдениет жылы аясында өткен шараға көптеген өнерсүйер қауым қатысты.
Елші Матис өз сөзінде 2024 Венгрия-Түркия мәдени жылының күзгі маусымының ашылғанын еске салып, қатысушыларға алғысын білдірді.
Мажар мәдениетінің кескіндеме, музыка, әдебиет және опера сияқты өнер салаларындағы ең көрнекті туындыларын түрлі іс-шаралар арқылы түркиялық өнерсүйер қауымға жеткізетіндерін айтқан Матис шараға қосқан үлесі үшін Түркия тарапына алғысын білдірді. Мажар елші қатысушыларды өткізілетін басқа бағдарламаларға да шақырды.