Халықаралық турнирде бес медаль

Түрік спортшылар Халықаралық Грузия садақ ату турнирінде бес медаль алды.

804942
Халықаралық турнирде бес медаль

Түрік спортшылар Халықаралық Грузия садақ ату турнирінде бес медаль алды.

Түркия Садақ федерациясының хабарламасына қарағанда,  Грузияның Батуми қаласында болған турнирге Грузиямен бірге Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Израиль және Түркия командалары қатысты.

Классикалық садақта әйелдерде Ясемин Еджем Анагөз бірінші орын алды.  Айбуке Актуна болса үшінші орынды иеленді.

Ерлерде болса Мете Газоз үшінші орын алды.

Классикалық садақта әйелдер командасы турнирді бірінші орында аяқтады.  Аралас команда болса үшінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар