Дефлимпиадада екінші алтын

Саңырау жандардың жазғы олимпиада ойындарында Түркияның екінші алтын медалі де дзюдодан келді.

774916
Дефлимпиадада екінші алтын

Саңырау жандардың жазғы олимпиада ойындарында (дефлимпиада) Түркияның екінші алтын медалі де дзюдодан келді.  Еркан Есенбоға алтын медаль жеңіп алды.

Самсун қаласында өтіп жатқан олимпиадада дзюдо сайыстары Ататүрік атындағы спорт залда өтті.

Жеке сайыстарда ерлер 60 келіде Еркан Есенбоға ақтық сайыста Армениядан Роберт Геворгянды 1- 0 есебімен жеңіп, алтын медальді олжалады.

Есенбоға бұдан бұрын командалық сайыста Абдуллах Севинчпен бірге алтын медаль алған болатын.

Ерлер арасындағы гандбол ұлттық құрамасы А тобындағы бірінші матчында Бразилия командасын 35-16 есебімен жеңді. Құрама команда топтағы екінші матчына 22 шілде сенбі күні шығады.  Команда Сербия құрамасымен ойнайды.



Ұқсас жаңалықтар