Түркияның медициналық туризмі жақсы дамыған

Түркия медициналық туризм саласында әлемнің  алдыңғы үш ел қатарында орын алуда.

772302
Түркияның медициналық туризмі жақсы дамыған

Түркия медициналық туризм саласында әлемнің  алдыңғы үш ел қатарында орын алуда.

Өйткені әсіресе рак ауруын емдеуде Түркия өте мықты. Түркияда әлемнің ең мықты дәрігерлері бар. Науқастарға операция жасауда әлемнің алдыңғы қатарында.

Жүрек ауруына операция жасау үшін  Түркияда 8 мың 500 және 21 мың доллар арасында ақша жұмсалса, Еуропада 39 мың және 43 мың доллар қажет.

Шаш егу немесе шаш өсірудің бағасы  Түркияда 3 мың доллар, Еуропада 10 мың доллар, ал АҚШ-та  30 мың доллар.

Әлемнің түкпір-түкпірінен туристтер ауруларын емделу үшін Түркияға келуде. Түркияда жоғарғы білім алған дәрігерлер, замандас жабдықтар және сапалы қызмет бар. Медицина қызметтері Еуропадан көп арзан.

Стамбул, Анталия, Измир және Анкара сынды үлкен қалалар медициналық туризмнен ең көп үлес алған қалалар.

Түркия медициналық туризмінен 2017-2018 жылдары 9 немесе  10 миллиард доллар кіріс түсіруді күтсе,   2023 жылы 20 немесе  25  миллиард доллар кіріс түсіруді күтуде.

 



Ұқсас жаңалықтар