FIBA 2019 Еуропа чемпионаты жеребе тарту рәсімі болып өтті

Баскетболдан Түркия құрамасы Б тобындағы Эстония, Польша және Белоруссия командаларымен қарсылас болды.

765097
FIBA 2019 Еуропа чемпионаты жеребе тарту рәсімі болып өтті

Баскетболдан Әйелдер FIBA 2019 Еуропа чемпионаты (EuroBasket) іріктеу матчтарының жеребе тарту рәсімі болып өтті.

FIBA жасаған мәлімдемеде іріктеу матчтарына жалпы 32 команданың қатысатыны, төрт төрттен 8 топта орын алғаны білдірілді.

Баскетболдан Түркия құрамасы Б тобында Эстония, Польша және Белоруссиямен қарсылас болды.

Үш бөлек кезеңде екі екіден ойналатын матчтар 2017 жылы 6-16 қараша күні басталып, 2018 жылы 5-15 ақпан күндері жалғасады және 2018 жылы 12-22 қараша күндері ойналатын жартылай финал мен ақтық сайысының артынан аяқталады.

Топтан жеңімпаз болып шыққан 8 команда мен үздік ойнаған 6 топтың екінші болған командалары ақтық сайыста жарысады.

2019 Еуропа чемпионатының іріктеу топтары төмендегідей:

А тобы  :Босния-Герцеговина, Исландия, Черногория, Словакия

Б тобы  : Эстония, Польша, Белоруссия, Түркия

С тобы  : Албания, Литва, Венгрия, Ресей

Д тобы  : Португалия, Ұлыбритания, Израиль, Грекия

Е тобы  : Финляндия, Румыния, Словения, Франция

Ф тобы : Болгария, Голландия, Украина, Испания

Г тобы  : Швеция, Германия, Чехия, Бельгия

Х тобы  : Македония, Хорватия, Швеция, Италия

2019 жылы маусым айында ойналатын FIBA Әйелдер Еуропа чемпионаты ақтық сайыстарының қонақжайлығын болса Сербия мен Латвия ортақ ұйымдастырады.



Ұқсас жаңалықтар